Италияда қыз зорлаған бразилиялық футболшы жазасын туған елінде өтейді
Бразилияның, «Реал Мадрид» және «Миланның» бұрынғы шабуылшысы Робиньо (Робсон де Соуза) Италияда 10 жыл бұрын қыз зорлаған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Осы қылмысы үшін ол тоғыз жыл түрмеде отыруы тиіс еді, футболшыны полициясы тұтқындады.
40 жастағы Робиньо Сан-Паулу штатындағы өзінің туған қаласы Сантeстағы пәтерінде ұсталды. Бұған дейін жергілікті судья оның төлқұжатын тәркілеп, елден шығуына тыйым салған.
2017 жылы италиялық сот футболшыны және тағы бес адамды 2013 жылы Миландағы түнгі клубта Албанияның 22 жастағы қызын зорлағаны үшін кінәлі деп тауып, футболшыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Робиньо тағылған айыпты жоққа шығарып, үкімге апелляциялық шағым түсірді, бірақ апелляциялық инстанциялар оны өз күшінде қалдырды.
2022 жылдың қаңтарында Италияның Жоғарғы кассациялық соты үкімді растап, содан кейін Италияның Әділет министрлігі футболшыны қамауға алуға халықаралық ордер берді.
Италия билігі Робиньоны экстрадициялау туралы өтініш жіберді, бірақ Бразилия өз азаматтарын шет елге беруден бас тартты.