Италияда ойнаған қорғаушы «Жеңістің» сапына қосылды
23-жасар Марин Беланчич елордалық «Жеңістің» ОЖЖ-на келіп қосылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Аталмыш хорватиялық орталық қорғаушы қазақстандық командаға қаралымға келді. Бұған дейін Беланчич Хорватияның екінші лигасында ойнайтын «Цибилия» футбол клубында өнер көрсетті.
Сонымен қатар Беланчичтің мансабында италияның D сериясында ойнаған тәжірибесі бар. Бұл елде Марин «Марина ди Рагуса» командасында доп тепті.