«Ислочьтің» жаңа қазақстандық ойыншысы сұқбат берді
19-жасар Мирас Көбеев белоруссиялық «Ислочь» командасына ауысқаннан кейін клубтың баспасөз қызметіне сұқбат берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
- Желтоқсанның ортасында маған «Ислочьқа» ауысуға ұсыныс түсті. Әрине, командаға барар алдында, мен «қасқырлардың» құрамында ойнайтын жерлесімнен кеңес сұрадым. Денис Митрофанов екеуміз бұрыннан таныспыз, онымен жақсы қарым-қатынастамын. Денис менің ұзақ ойланбай, Беларусь чемионатына ауысқанымды қалады. Басқа елге көшу проблема болған жоқ, - деді Көбеев.
Мирас неліктен «Ислочь» командасының ұсынысын қабылдағаны туралы айтып берді.
- Бұл сұраққа жауап қарапайым. «Ислочь» жас ойыншыларды жақсы дамытады: балалар шеберлігін шыңдап, жаңа деңгейге шығады. Менің ойымша, бұл жерде футболшы ретінде ғана емес, жеке тұлға ретінде де өсуге үлкен мүмкіндігім бар. Мені ұжым жақсы қабылдады, бәрімен таныстым, - деді талантты жартылай қорғаушы.