Исламиада-2025: Софья Сподаренко жүзуден алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық Софья Сподаренко Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысының финалында топ жарды. Софья қашықтықты 26.99 нәтижесімен жүзіп өтті.
Мысыр спортшысы Фарида Осман екінші орынға ие болды — 27.04, ал үшінші орын Сенегал спортшысы Оуми Диопқа бұйырды — 27.31.