Айбат Мырзамұратов жүзуден қола жүлде жеңіп алды
Қазақстандық жүзгіш Айбат Мырзамұратов Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 200 метрге кешенді жүзуде жүлде үшін бақ сынады. Айбат 02:05.07 көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.
Түркиялық Берке Сака жеңіске жетті — 01:59.51. Екінші орынды Алжир спортшысы Джауад Сёуд иеленді — 02:03.01.