Ирак соңғы секундта жеңіп, өз тобында көш бастады
Қатарда футболдан Азия Кубогының топтық кезеңі жалғасуда. «D» тобының соңғы турынды Ирак пен Жапония өз матчтарын жеңіп, турнирдің плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жапония Индонезиямен өткізген ойында қиындық көрмеді. Бұл кездесуде Уеданың қос голы мен автогол жапондықтарға сенімді жеңіс әкелді. Есеп – 3:1.
Параллель өткен ойында Ирак Вьетнамға қарсы ойнады. 17-минутта Вьетнам гол соқты, бірақ төреші офсайд анықтап, голды санамады. Дегенмен, таймның соңында Буй Хуан Вьетаның күшімен вьетнамдықтар алға шықты, алайда бірер минуттан кейін Вьетнамның құрамында бір ойыншы қуылды.
Екінші таймды Ирак бірден голмен бастады - Ребин Сулака есепті теңестірді, ал 73-минутта Аймен Хуссейн Иракты алға шығарды. 83-минутта Хуссейнде дубль авторы атануға мүмкіндік болды, бірақ ол пенальтиден мүлт кетті. Бұл қателік үшін 91-минутта Вьетнам қарсыласын есепті теңестіру арқылы жазалады.
Кездесудің соңғы минуттарында Вьетнам тағы да айып алаңында ереже бұзды – Хуссейн қанжығасын майлауға тағы бір мүмкіндікке ие болды. Бұл жолы соққы сәтті орындалды – есеп 3:2.
Ирак 9 ұпай жинап, топта бірінші орынға ие болды. Жапонияда - 6 ұпай, Индонезияда - 3 ұпай, Вьетнам ұпай жинай алмай, соңғы орынға ие болды.
Ирак пен Жапония плей-оффқа жолдама алды, ал Индонезия болса барлық топтарда үшінші орын алған үздік төрт команданың қатарына кірсе, келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алады.