Сауд Арабиясы Азия Кубогында Қырғызстаннан басым түсті
Сауд Арабиясы құрамасы турнирдің басында екі жеңіске жетіп, Азия Кубогының басты фавориттері болып саналады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Сауд Арабия құрамасы қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, Қырғызстан құрамасына мүмкіндік қалдырмады. Сауд Арабия ойында басымдылыққа ие болды, мысалы, матчтың соққылар бойынша статистикасы - 27:1.
Алайда, Қырғызстан құрамасы ойында 9 ойыншымен аяқтады. Алдымен кездесудің 9-минутында алаңнан Азор Акматов қуылды, кейін дәл осындай жазаны Кими Мерк алды.
Сауд Арабия құрамасының сапында жеңіс голдарының авторлары Мұхаммед Канно мен Файсал Аль Гамди атанды.
Осы жеңістің арқасында Сауд Арабиясы 6 ұпай жинады, Қырғызстан құрамасы ұпайсыз топтың соңғы орнында тұрақтауда.