logo

Илия Топурия америкалық файтерді ауыр нокаутқа жіберді

Илия Топурия америкалық файтерді ауыр нокаутқа жіберді

UFC 308 турнирінің басты жекпе-жегі грузин Илия Топурия (16-0) мен АҚШ өкілі Макс Холлоуэй (26-8) арасында өтті, деп хабарлайды Sport +.

Топурия жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы және осы жекпе-жекте өзінін аталған титулын қорғады. Ал, Холлоуэй болса дәл осы дивизионда әлемнің экс-чемпионы.

Бес раундқа жоспарланған кездесу үшінші раундта Илияның нокаутымен аяқталды. 27 жастағы файтер 32 жастағы қарсыласына дәл соққы тигізіп жерге құлатты да, одан әрі төпелей жөнелді. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Топурияның қолын көтерді.

Бұл грузин файтерінің аралас жекпе-жектегі 16-шы жеңісі. Ол бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ал, қарсыласы Макс Холлоуэй сегізінші рет жеңілді. Дегенмен, бұған дейін ол мүлдем нокаутқа түспеген еді.