Ильфат Абдуллин: Қалаған бабыма жақын екенімді сезіп жүрмін

Садақ атудан Қазақстан құрамасының өкілі Ильфат Абдуллин қазіргі уақытта Түркияда жүр. Ол жерде спортшы Әлем кубогының кезеңіне қатысуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Olympic.kz сайтына берген сұхбатында ол өзінің әлі де бабында емес екенін атап өтті. Сондай-ақ, маусымдағы басты жарыстар туралы да айтып берді.
«Қазір біз Түркияда Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысып жатырмыз. Одан кейін бес күннен соң Сингапурда Азия кубогында өнер көрсетеміз.
Біз өз елімізде өте мұқият дайындалдық, себебі екі жарыс қатарынан өтеді. Осыны ескере отырып, біз төзімділікке жұмыс істедік, көп атып, тығыз жаттығулар жасадық.
Жалпы жағдайым жақсы, себебі маусым басталды. Бұған өте қуаныштымын. Қазір жарыстардың нағыз қызған шағы, өзіңді көрсетуге, мүмкіндігіңді бағалауға, кемшіліктерді анықтап, әрі қарай жұмыс істеуге жақсы мүмкіндік бар.
Физикалық дайындығымды әлі де жақсы деп айта алмаймын. Қыста аздап құлдырау болды, орташа деңгейде жүрдім. Қазір орташадан жоғары деңгейге көтеріліп келемін. Бірақ алда көптеген жарыс күтіп тұр, сондықтан қателіктерді анықтап, бәсекелестіктің арқасында бабымды жақсарта аламын деп үміттенемін. Қалаған бабымнан алыс емеспін, жақындап келемін деп сезіп жүрмін.
Басты жарыстар — 5 қыркүйекте басталатын әлем чемпионаты және қарашада өтетін Азия чемпионаты. Бұл — биылғы жылдың негізгі бәсекелері», — деді Абдуллин.