logo

Игита Чемпиондар лигасында бірегей жетістікке қол жеткізді

Игита Чемпиондар лигасында бірегей жетістікке қол жеткізді

Қазақстан футзал құрамасының капитаны және «Семей» клубының қақпашысы Лео Игита Чемпиондар лигасында 60 матч өткізген алғашқы қақпашы атанды, деп хабарлайды Sport+.

UEFA бұл жетістікті Instagram-дағы ресми парақшасында атап өтті: 

«Чемпиондар лигасында 60 матч өткізген алғашқы қақпашы. Футзалда Лео Игитадан мықты ойыншы бар ма?» деп жазды.

Леонардо де Мело Виейра Лейте, яғни Игита, 2013 жылдан бері Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп келеді және бірнеше рет Futsalplanet Awards нұсқасы бойынша әлемнің үздік қақпашысы атағын иеленген (2015, 2016, 2018, 2019, 2020 жылдары).