logo

Ғұсман Қырғызбаевтың оралуы: дзюдодан Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

Ғұсман Қырғызбаевтың оралуы: дзюдодан Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

2025 жылы Астанада өтетін Grand Slam әлемдік турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир 9–11 мамыр аралығында өтеді. Қазіргі уақытта жарысқа қатысатын құрам толық бекітілді. Айта кетейік, 2024 жылғы Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев, біршама уақыттан кейін халықаралық аренаға қайта оралады.

Ерлер:

— 60 келі: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар

— 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов

— 73 келі: Саясат Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Әбдурахманов, Есет Қуанов

— 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай

— 90 келі: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов

— 100 келі: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас

+ 100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев

Әйелдер:

— 48 келі: Диана Буркеева

— 52 келі: Құндыз Жылқытай, Айшабибі Мұрадимова

— 57 келі: Дина Мұханбет, Дана Әбдірова

— 63 келі: Асылжан Орынбасарова

— 70 келі: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова

— 78 келі: Нәзерке Тілеуханова, Замзагүл Файзолланова

+ 78 келі: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова

Аталмыш жарысқа әлемнің 48 елінен 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.



Күн шежіресі