logo

Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Ислам Евлоев қола жүлде жеңіп алды

Грек-рим күресінен Азия чемпионаты: Ислам Евлоев қола жүлде жеңіп алды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Евлоев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға ие болды.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Евлоев Оңтүстік Корея өкілі Минхо Лиді мерзімінен бұрын жеңді. Кездесудің алғашқы сәттерінде-ақ Ислам нәтижелі әдістер сериясын сәтті орындап, басымдыққа ие болды.

Осылайша, қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін Алматбек Аманбек (72 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.



Күн шежіресі