Гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова: Эльжана Таниева — ұзақ уақыт бойы есте қалатын жарқын гимнаст
Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова Sport Plus Qazaqstan сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Париждегі Олимпиададағы төрешілерге наразылығы және Эльжана Таниеваның жетістіктері туралы айтты.
Парижде Олимпиада барысында Әлия Юсупова Эльжана Таниеваның өнер көрсетуінен кейін төрешілердің көрсеткен бағаларына наразылық білдірді. Бұл оқиғаға қатысты Әлия келесідей пікір білдірді.
— Иә, мен оның ұршықпен жаттығуларынан кейін наразылық білдірдім, өйткені біз бірілген бағаға риза болмадық. Эльжана жақсы деңгейде өнер көрсетті және бұны бәрі байқады. Бұған дейін ол доппен өнер көрсетіп, онда қателіктер жіберді, мен оның бағасымен келісемін. Алайда, бізді таңқалдырғаны, доп пен ұршықпен өнер көрсетудің бағасы бірдей болып шықты. Ұршықпен жаттығуы өте таза орындалды және бұл бәріне түсінікті. Бірақ егер қателіктер болмаса, неге Ұршықпен өнер көрсеткені үшін бірдей баға беріледі? Бұл мені қатты таң қалдырды. Мен риза болмадым, бірақ, өкінішке орай, біздің бағамыз өзгерген жоқ. Нәтижесінде біз жалпы есепте 13-ші орында қалдық.
Сонымен қатар тәжірибелі бапкер Таниеваның шыңдалуы туралы сұраққа жауап берді.
— Біз бәріміз айтарлықтай прогресті көріп отырмыз, бұл, әрине, қуантады. Нәтижелер біртіндеп өсуде және біз бір орында тұрмаймыз. Биыл Эльжана көпсайыста да, шаңбермен жаттығуларында да Азия чемпионы атанды. Өткен жылы Азия ойындарында ол екі күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, ол Әлем кубогы мен Гран-при серияларының жүлдегері. Бұл айтарлықтай жетістіктер. Бір қызығы, мен бір кездері әлем кубогының жүлдегері болғанмын және менің ойымша, менен кейін ғана Эльжана осы деңгейде жетістікке жете бастады. Бұл салыстырмалы турде. Айта кету керек, Эльжана — бүкіл әлемге танымал және сүйікті спортшы. Ол ұзақ уақыт бойы есте қалатын жарқын гимнаст. Барлық төрешілер оның өнерін асыға күтеді -ол эмоционалды және харизмасы бар тұлға.
Біздің елде мұндай гимнаст ұзақ уақыт болған жоқ. Барлық төрешілер: «Әлия, сенен кейін ең жарқын гимнаст Эльжана Таниева» дейді.