logo

Геннадий Головкин: Назым алғашқы Олимпиадасына  қатысқанына қарамастан әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін дәлелдеді

Геннадий Головкин: Назым алғашқы Олимпиадасына  қатысқанына қарамастан әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін дәлелдеді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшы Назым Қызайбайды Париж Олимпиадасының қола жүлдесімен құттықтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

«Назымды Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы болып  келеді. 

Өзінің алғашқы Олимпиадасына  қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша қазақстандықтарды Олимпиада медалімен құттықтаймын!», - делінген жеделхатта. 



Күн шежіресі