Ғалымжан Кенжебек Кипрдегі алғашқы ойынында дубль авторы атанды
Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек Кипрдегі алғашқы ойынында дубль авторы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кипрдің 1-дивизионындағы «Акритас Хлоракас» футбол клубында ойнайтын Ғалымжан Кенжебекті «Асил» командасына қарсы өткен матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пастың авторы атанды.
«Акритас Хлорокасты» ұлы Никита Қазақстанның «Ақтөбе» мен «Жеңіс» командаларында ойнаған ресейлік маман Денис Лактионов жаттықтырады.