logo

Ғалым Мәмбеталиев: Жігіттер барын салды

Ғалым Мәмбеталиев: Жігіттер барын салды

«Барыстың» бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев «Динамомен» ойынды қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 

«Ойын қиын болады деп жігіттерге ескерттік. Жылдам, мықты команда, шабуылда ойнайды. Алдын ала қарадық, талқыладық. Қайсарлық танытып, ойдағы біраз сәттерді жүзеге асырдық. Өкінішке қарай, Виктор Антипинге шайба тиіп, жарақат алды.  Әдил Бекетаев ауырса да, соңына дейін шыдап берді. Бір жағдай болса, шайбаны өздеріңе алыңдар дедік. Осылайша қақпашыға көмектесті. Никита Бояркин өсіп жатыр, ойыннан ойынға өзгеріс байқалады». 



Күн шежіресі