Филипп Линхарт: Қазақстан әлі де ыңғайсыз қарсылас болып қала береді
Аустрия құрамасының қорғаушысы Филипп Линхарт УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында Қазақстанға қарсы өткен матчты (4:0) пікірледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бұл жеңіс біз үшін өте-өте маңызды болды, сондай-ақ қайтадан қақпамызды гол жібермей қорғап қалуымыз да маңызды. Бізде көп мүмкіндіктер болды, тіпті 2:0 немесе 3:0 есебімен ертерек алға шығуға болар еді. Әрине, Қазақстан әлі де ыңғайсыз қарсылас болып қала береді. Оларда жаман емес команда бар, олар жақсы ойнады, бірақ менің ойымша, біз басынан-ақ алаңда жоғары деңгейдегі қарқын көрсетіп, дуэльдерде өте агрессивті болдық. Біз толықтай лайықты жеңіске жеттік».