logo

Фигурашы Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада үшінші орын алды

Фигурашы Михаил Шайдоров АҚШ-та өткен Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада үшінші орын алды

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport+.

Жарыс аясында ерлер арасындағы жекелей сынның қысқа бағдарламасы өтті.

Қазақстандық Михаил Шайдоров 89.67 ұпай жинап, алдын ала қорытынды бойынша үшінші орынға ие болды.

Көшбасшылықты жапон спортшысы Кадзуки Томоно (95.77) иеленсе, екінші орында француз Кевин Аймоз (93.56) келеді.



Күн шежіресі