Фаниль Рафиков: Біз Асу Алмабаевтың жаңа нұсқасын көретін боламыз

ММА жауынгері Асу Алмабаевтың командаласы Фаниль Рафиков UFC-дің Абу-Дабиде өтетін турнирі аясында Хосе Очоаға қарсы жекпе-жекке қатысты өз ойымен бөлісті.
— Меніңше, Асу бұл жекпе-жекке өте жақсы дайындалды. Бастапқыда қарсыласы Теміров болуы керек еді, бірақ ол бас тартты, енді Очоа шықпақ. Асу өте сапалы әрі сауатты лагерь өткізді, алдын ала Абу-Дабиге барып, акклиматизациядан өтті, бабына енді. Сондықтан біз Асу Алмабаевтың жаңа нұсқасын көретін шығармыз деп ойлаймын. Ол алдыңғы қателіктерін ескеріп, жарқын жекпе-жек көрсетуге дайын. Мен финиш күтемін, сондықтан бәріміз бірге көрейік, бақылап, жанкүйер болайық!
Турнир осы демалыс күндері өтеді.
Алмабаевтың алдағы жекпе-жегіне жасалған толық шолуды төменнен көруге болады.