Қазақстан атынан өнер көрсететін үстел теннисшісі Фанг Бо Түркияда өтіп жатқан WTT Contender Istanbul турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Германия өкілі Рикардо Вальтерді 3:2 есебімен жеңді.

Шешуші кездесуде Фанг Бо Оңтүстік Корея өкілі Донгсу Канмен чемпиондық атақ үшін таласады.