Эстониялық клубта қаралымда болған қазақстандық мансабын «Хан-Тәңірінде» жалғастырады
24-жасар қазақстандық шабуылшы Нұрдәулет Ағзамбаев «Хан-Тәңірімен» ОЖЖ-да жаттығып жүр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Нұрдәулет Ағзамбаев – «Қайрат» футбол клубының түлегі. Алматылық клубтан бөлек «Арыс», «Түркістан» және «Жас Қыран» клубтарының намысын қорғады.
Қаңтар айының басында Ағзамбаев эстониялық «Транс» клубында қаралымда болған, алайда қазір маусымға «Хан-Тәңірі» сапында дайындалып жүр.