logo

Есбол Сұлтанов таеквандодан Қазақстан құрамасының шетелдік бапкері туралы: Ол маманды жеке танымаймын, әлемдік аренада көрген емеспін

Есбол Сұлтанов таеквандодан Қазақстан құрамасының шетелдік бапкері туралы: Ол маманды жеке танымаймын, әлемдік аренада көрген емеспін

Таеквондодан Тунис құрамасының жаттықтырып, Париж Олимпиадасында бұл құраманы жетістікке алып келген қазақстандық маман Есбол Сұлтанов Sport Plus Qazaqstan телеарнасының құрметті қонағы атанды.

Эксклюзивті сұхбатта ол Оңтүстік Кореядан келген Қазақстан құрамасының бапкерін сынға алды.

- Федерация басшыларының қызметтеріне жауап бере алмаймын. Бірақ менің пікірім, таеквандода немесе басқа спорт түрінде бапкер таңдаған кезде, алдымен дұрыс сараптама жасау керек. Сол жағынан қателік кеткен сияқты. Біздер (Федерация) Оңтүстік Кореяға бапкер керек деп ресми түрде сұраныс жасадық. Ал олар кандидатты қалай таңдады, кімді жіберді – оны білмейміз. Ол жақта да таныс-тамыр деген бар шығар. Ол бапкерді мен жеке танымаймын, әлемдік аренада көрген емеспін, - деді Сұлтанов.

Есбол Сұлтанов - таеквондодан Тунис құрамасының қазақстандық жаттықтырушысы және бас тәлімгері. Оның басшылығымен Тунис құрамасы Париж Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Толық сұхбатты төмендегі сілтеме бойынша көруге болады.