"Ертістің" бас бапкері Якушин: Барымен базар
"Ертіс" командасының бас бапкері Сергей Якушин команда стиліне сай ойыншыларды сұрыптау немесе керісінше команда ойынын футболшыларға қарай бейімдеу керектігі жайында пікірін білдірді.
Уақытың мен ақшаң болса, бірақ біздің футболда ол екеуі де жоқтың қасы, онда ойыншыларды өз талғамыңа қарай (модель, стиль, тактика) таңдау керек. Бірақ шындығында біз бар ойыншыларды іске қосамыз, оған қоса Қазақстанда ұзақмерзімді келісім-шарттар да жоқ", - деді Якушин.
Былтыр желтоқсанда Сергей Якушин қайта жаңырған "Ертіс" футбол командасының бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалған еді. Павлодарлық клуб 2024 жыл маусымында Қазақстанның бірінші лигасында ойнайды.
"Ертіс" 2020 жылы ойыншылар мен бапкерлерге қарызына байланысты Қазақстан чемпионатынан шығуға мәжбүр болды.