logo

Ермек Сүйеніш: Олимпиадада екінші рет төрелік етемін

Ермек Сүйеніш: Олимпиадада екінші рет төрелік етемін

Париж Олимпиадасындағы бокс бәсекесінде қос қазақстандық төреші қызмет атқарады. Халықаралық іріктеуден өткен: Әлішер Алтаев пен Ермек Сүйеніш. Санаулы уақытта Парижге аттанатын Ермек Сүйеніш төртжылдықтың басты додасындағы төрелік жайында Sport Plus Qazaqstan тілшісіне пікірін білдірді:

Бұл - менің екінші Олимпиадам. Үш жыл бұрын Токиода да төрелік еттім. Салыстырмалы түрде алғашқы Олимпиада Ойындарындағыдай қобалжу жоқ. Былтыр тамыз айында төрешілер іріктеуі басталды. Бастапқыда емтихан тапсырып, сертификат алдым. Негізі минималды көрсеткіш 8 балл болса, мен екі емтиханда да 10 сұраққа дұрыс жауап беріп, жүз пайыздық көрсеткішке ие болдым. Әрі қарай жарыстарда сынақ мерзімінен өттік: Африка Ойындары, кейін Тынық мұхит Ойындары және Италия мен Таиландтағы лицензиялық турнирлер. Осы төрт жарыс қорытындысы бойынша жұмысымыз бағаланып, Халықаралық Олимпиада Комитеті өз шешімін шығарды.
Қазіргі уақытта ережелерді оқып, іс-қимылдарды да қайталап дайындалудамын. Жарысқа барған соң тағы семинар өткізіледі. 24 шілде Парижге жетіп, 25 күні сабағымыз басталады. Ережелерді тағы қайталаймыз. Көңіл күйім жақсы, жұмысқа дайынмын. Біз де еліміздің абыройын арқалап барамыз, сол үшін лайықты деңгейде қызмет атқаруға барымызды саламыз!



Күн шежіресі