Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында топ жарды

Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарында топ жарды

Дәстүрлі аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Еркінғали Бүркіталин Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық жауынгер 77 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Еркінғали алтын жүлде үшін өткен ақтық бәсекеде Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді. 

Осылайша Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші алтын медальді салды.