Еркінғали Бүркіталин аралас жекпе-жектен Азия ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды
Қазақстандық жауынгер Еркінғали Бүркіталин Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сынға түсті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде (traditional).
Қазақстандық спортшы жартылай финалда Филиппин өкілі Карлос Альвареспен кездесті. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Еркінғали жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Санжар Әділов (65 келіге дейін) үшінші орын алған еді.