Елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
Елордадағы "Алау" мұз айдынында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар жекелей сында 1500м қашықтықта бақ сынады, деп хабарлайды Sport+.
Жарыс нәтижесі:
Әйелдер, 1500м
1) Малика Ермек
2) Алина Ажғалиева
3) Анастасия Галечина
Ерлер, 1500м
1) Богдан Вехов
2) Әділ Ғалиахметов
3) Айбек Нәсен
Жарыс 22 наурызға дейін жалғасады.