logo

Андрей Ольховский: Матчқа дейін Рыбакина ұтылады деп ойламадым

Андрей Ольховский: Матчқа дейін Рыбакина ұтылады деп ойламадым

Теннис эксперті Андрей Ольховский Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатында Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі жеңілісі жайында айтты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы былтыр Австралияда финалға шықса, биыл екінші айналымда-ақ ресейлік Анна Блинковаға есе жіберді.

«Рыбакинаның Блинковамен ойыны тай-брейктармен және нәтижесімен қатты таң қалдырды. Матчқа дейін Рыбакина ұтылады деп ойламадым, бірақ матчты тамашалап отырып, бірнеше қателік пен физикалық әлсіздік байқадым. Рыбакинаға шабуылдың дұрыс аяқталуына жұмыс істеп, бірнеше мәселеде шеберлігін арттыру керек. Маусым енді басталды, сондықтан Рыбакинада өзін көрсетуге әлі де мүмкіндік мол»