logo

Елена Рыбакина: «Ролан Гаррос» оңай турнир емес, бірақ мен өзіме сенімдімін

Елена Рыбакина: «Ролан Гаррос» оңай турнир емес, бірақ мен өзіме сенімдімін

25 мамыр күні Парижде «Үлкен дулыға» сериясындағы осы маусымдағы екінші турнир - Францияның ашық чемпионаты басталады. «Ролан Гарростағы» Қазақстанның басты үміт Елена Рыбакина беделді бәсекедегі өз мүмкіндігін бағамдады:

 «Әлбетте, қашан да өзіме сенемін. Бірақ бәрі тек маған байланысты деп айту қиын. Бұл жарыста мықты қарсыластар өте көп.  Өзімді жақсы сезініп, физикалық тұрғыда дайын болып, денсаулығым жақсы болса, өз ойынымды көрсете алатынымды білемін. Бұл жағдайда «Үлкен дулыға» сериясындағы кез келген алаңдағы турнирін жеңе аламын. «Ролан Гаррос» – біршама ұзақ жарыс. Барынша ұзаққа жете алатыныма үміттенемін. Осы маусымда топырақ төсеніште жеткілікті көлемде ойын өткіздім, сол үшін маған оңайрақ болады деп ойлаймын. Оған қоса өзіме деген сенім де артты»