Елена Рыбакина: Кортта бақытты болғым келеді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдондағы алғашқы жеңісін пікірледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Мен алғашқы кездесуімді жеңгеніме өте қуаныштымын. Биыл шөпте жеткілікті ойнаған жоқпын, өкінішке орай. Денсаулық мәселелері болды, бірақ қазір осында болғаныма қуаныштымын. Матчтан матчқа қарай жылжығым келеді. Эмоцияларымды үнемі жасырамын, кейде бұл қиынға соғады. Келесі матчты асыға күтемін. Кортта бақытты болғым келеді – бұл менің жаңа мақсатым. Уимблдон – ерекше жер. Бүгін келгендерге рахмет. Мұнда оралғанды әрқашан да ұнатамын»