logo

Елена Рыбакина АҚШ-тағы жарыс қарсаңында алғашқы жаттығуын өткізді

Елена Рыбакина АҚШ-тағы жарыс қарсаңында алғашқы жаттығуын өткізді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирі қарсаңында алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Индиан-Уэллсте 6-17 наурыз аралығында ерлер мен әйелдер арасында өтетін аталмыш мастерс жарысының жалпы жүлде қоры 17,9 млн АҚШ доллары болмақ. Бұл өткен жылғыдан 2,2 пайызға көп.

Турнир жеңімпазы 1 мың рейтингілік ұпайға қоса 1,1 млн доллар табыс таппақ. Финалистің үлесіне 585 мың доллар мен 650 рейтингілік ұпай тиеді.

Өткен жылы соңғы бәсекеде Беларусь өкілі Арина Соболенконы 7:6 (13:11), 6:4 есебімен ұтқан Е.Рыбакина чемпион атанған болатын. Биыл Елена сол чемпиондық атағын қорғау үшін бар күшін салады.

Қазіргі кезде Индиан-Уэллсте іріктеу сайыстары өтіп жатыр.