Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды sportplustv.kz.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 40-орында тұрған 19 жастағы чехиялық Линда Носковамен бақ сынасты.
Бірінші партияны қазақстандық спортшы қарқынды бастады — 3:0. Сол басымдылығынан сет біткенше айырылған жоқ — 6:3.
Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді — 6:2.
Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 8 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Л.Носкова 1 эйспен шектелді.
Елена Рыбакина финалда қос белоруссиялық, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенко немесе рейтингте 23-сатыдағы Виктория Аза Арина Соболенко ренконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.