logo

Брисбен турниріндегі Рыбакинаның қарсыласы анықталды

Брисбен турниріндегі Рыбакинаның қарсыласы анықталды

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалындағы қарсыласын білді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарыстың жартылай финалында Рыбакина ресейлік Мирра Андрееваны ұтқан чех теннисшісі Линда Носковамен ойнайтын болады. Олардың арасындағы кездесу бір сағат 40 минутқа созылды.

Рыбакинаның өзі ширек финалда бірінші сеттен кейін жекпе-жегін жалғастырудан бас тартқан ресейлік Анастасия Потапованы жеңді.

Рыбакина мен Носкова арасындағы кездесу 6 қаңтар күні таңертең өтеді.