Бублик Аделаидағы жарыстың жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Аделаидағы (Аустралия) турнирдің 1/4 финалында итальяндық Лоренцо Музеттиге қарсы ойнады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық спортшы 6:3, 6:7, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 37 минутқа созылды.
Жартылай финалда Александр Бублик Томми Пол (АҚШ) — Джек Дрэйпермен (Ұлыбритания) жұбының жеңімпазымен кездеседі.