logo

Елена Потапенко үшін Олимпиада аяқталды

Елена Потапенко үшін Олимпиада аяқталды

Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасының мүшесі Елена Потапенко Париж Олимпиадасындағы жарыс жолын  аяқтады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Бүгін, 10 тамыз күні, спортшы алғашқы жартылай финалда бақ сынады. Финалға жолдама алу үшін  алғашқы тоғыз спортшының қатарына ену керек болатын. 

Потапенко 1301 ұпаймен жалпы есепте 16-орын алды. Осылайша, қазақстандық спортшы финалға өте алған жоқ. 

Алғашқы жартылай финалдық ұлыбританиялық Керенза Брайсон топ жарды.