Елдос Сметов өзінің болашағы туралы
Дзюдодан Париждегі Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзінің болашақ жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Болашақта мен бапкер боламын деп ойлаймын. Себебі мен жастарға мотивация бере аламын деп сенемін. Олимпиада чемпионы атанған алғашқы Қазақстандық дзюдошы ретінде де өз тәжірибеммен бөлісе аламын. Алайда қазіргі уақытта түпкілікті шешім қабылдаған жоқпын», -деді Сметов Youtube-тегі Massaget TV арнасына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Сметов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Франция өкілі Лука Мхейдзе жеңіп алды. Бұл қазақстандық дзюдо тарихындағы алғашқы олимпиадалық алтын медаль. Бұған дейін біздің еліміздің өкілдері осы спорт түрінен екі күміс және екі қола жүлдеге ие болған.