Елдос Сметов Олимпиададағы алғашқы жеңісін тіркеді
Қазақстандық дзюдошылар Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсете бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Татамиге бірінші болып шыққан елдің өкілі — Қазақстан дзюдо құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алдын ала раундта оған Нидерландтан келген Торнике Чакадуа қарсы тұрды. Сметов 10:0 (golden score) есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Елдос Сметов 2016 жылғы Олимпиадада «күміс» және 2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада «қола» жүлдегері атанған болатын. Сонымен қатар, ол әлем және Азия чемпионы, сондай-ақ 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы болып табылады.
Торнике Чакадуаның ең жоғары жетістіктері 2018 жылғы IJF Гран-приінде «алтын» және 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жету болды.