logo

Елдос Сайдалин жеребе нәтижесіне қатысты пікір білдірді

Елдос Сайдалин жеребе нәтижесіне қатысты пікір білдірді

Парижде бокстан Олимпиада ойындарының жеребе тарту рәсімі өтті. Аталған шарадан кейін әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Kazinform.kz тілшісіне шағын сұхбат берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

«Жеребе тартылып алғашқы қарсыластарымыз анықталды. Нәтижесін өздеріңіз көрдіңіздер. Бұл – Олимпиада, ешқашан осал қарсылас болмайды. Олимпиадаға бокстасамыз деп келдік. Жеребе жеңіл түссе де, ауыр түссе де ешкімнен қашып құтыла алмаймыз. Сол үшін кіммен болса да қарсыласуға дайынбыз», - деді Елдос Сайдалин.

Сонымен қатар, бас бапкер шәкірттерінің мүмкіндігі туралы да айта кетті.

«50 мен 57 келі салмақта 22 боксшыдан болса, 75 келі салмақта 16 боксшы қыз жұдырықтасады. Осыдан-ақ, кімге қандай мүмкіндік барын бағамдай беруге болады. Жалпы, бізге ешқашан босаңсуға, шаршы алаңда қателесуге болмайды», - деді бас бапкер.