logo

Елдос Сайдалин: Төреші кімнің қолын көтерді, сол жеңді

Елдос Сайдалин: Төреші кімнің қолын көтерді, сол жеңді

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Кazinform тілшісіне сұхбат беріп, Валентина Хальзованың жекпе жегіне қатысты пікірін білдірген, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

— Елдос Жәнібекұлы, осыдан бірер сағат бұрын Парижге өзіңіз баптап, алып келген Валентина Хальзова алғашқы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Әлеуметтік желіде төрешілер тарапынан бұра тарту болды деп жазып жатыр. Сіздің ойыңызша кім жеңді?

— Төреші кімнің қолын көтерді, сол жеңді. Кез-келген спортшы, кез-келген боксшы даусыз, таза жеңіске жету үшін, қарсыласын айқын басымдықпен ұту керек. Сонда ғана ешкім күмәнданбайды.

— Демек, сіздің төрешілерге шағымыңыз жоқ қой?

— Менде шағым жоқ. Хальзова өзі де жекпе-жектен кейін тілшілерге берген сұхбатында қалай бокстасқанын, қай жерден қандай қателік жібергенін айтып берді ғой. Енді бұл тақырыпқа қайта оралудың керегі жоқ деп ойлаймын.



Күн шежіресі