Еламан Шертаев: UFC және Bellator ұйымдарының бұрыңғы файтерлерін қарсылас ретінде көргім келеді
Қазақстандық жауынгер Еламан Шертаев Naiza 57 турнирі аясында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шертаевтың қарсыласы UFC экс-чемпионы Чарльз Оливейраның негізгі спарринг-серіктесі ирандық Алиреза Ноеи атанды. Жекпе-жек қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.
- Жаңа салмақта төбелесіп жатырмын. Бірақ алғашқы жекпе-жектерде 65 келі салмақта төбелесіп, төрт рет жеңіске жеткенмін. Міне енді, бес жылдан кейін осы салмаққа қайта оралдым. Салмақты оңай қудым, бірақ мен 1,5 жыл төбелеспедім, сондықтанда бірінші минуттан ашыла алмадым. Екінші раундтан бастап өзіміздің дайындаған жоспарымыз іске асты. Қарсыласты күрес арқылы ұту жоспарда болды, мен арнайы осыған дайындалдым. Болашақ жоспар туралы айтататын болсам, мен қазақ жауынгерлерімен төбелесе алмаймын. Naiza ұйымы маған UFC және Bellator ұйымдарының бұрыңғы файтерлерін қарсылас ретінде алып келсе, мен бұл ұсыныстарды қуана қабылдар едім. Мен американдық және бразилдықтармен 61 немесе 65 келі салмақтарда жұдырықтасуға дайынмын, - деді жауынгер.