Еламан Шертаев NAIZA чемпионына үн қатты: Бөліс не кет!

Қазақстандық ММА жауынгері Еламан Шертаев Алматыда өткен NAIZA 72 турниріндегі жеңісінен кейін лига чемпионы Нұрбек Қабдрахмановқа үн қатты, деп хабарлайды Sport+.
«Мен NAIZA лигасында 6 жекпе-жек өткіздім, енді белбеу үшін жекпе-жекке лайықпын деп ойлаймын. Нұрбек Қабдрахманов, белбеуді бөліс не кет! Ең болмаса бразилиялық Вандерлейге қарсы уақытша NAIZA белбеуі үшін жекпе-жек өткізгім келеді», — деді Шертаев.