Еламан Саясатов – NAIZA лигасының жаңа чемпионы (видео)
NAIZA 85 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынды.
Лиганың қазіргі чемпионы Болат Заманбеков чемпиондық атаққа үміткер Еламан Саясатовтан бірінші раундта нокаутпен жеңіліп қалды. Осылайша, Саясатов NAIZA лигасының жаңа чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл қос спортшы арасындағы қарымта жекпе-жек болды. Олардың бұған дейінгі кездесуінде Болат Заманбеков қарсыласының дисквалификациясына байланысты жеңіске жеткен еді.