Екі қазақстандық жүзгіш ұлттық рекордты жаңартты
Сингапурда өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі қазақстандық спортшы ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды Sport+.
100 метр қашықтықта брасс стилінде Аделаида Пчелинцева 1:07.74 нәтижесімен жаңа ұлттық рекорд орнатты.
Ерлер арасындағы жарыста, 400 метр еркін стиль бойынша, Балабек Ғалымжан 3:47.52 көрсеткішімен Қазақстан рекордын жаңартты.
Бұл турнирге Қазақстаннан тоғыз жүзгіш қатысуда.