Қазақстандық жүзушілер Түркия чемпионатында үздік үштікке енді
Эдирне (Түркия) қаласында жүзуден ашық чемпионат басталды. Бірінші күні Қазақстан құрамасының бес өкілі өздерін көрсете алды, деп хабарлайды Sport PLus Qazaqstan Olympic.kz cайтына сілтеме жасап.
100 метр қашықтыққа еркін стильдік жүзуде Әділбек Мусин мен Даниела Дю екінші орын, ал Даниил Черепанов үшінші орынға ие болды.
Аделаида Пчелинцева 50 метр қашықтыққа брасс стиліндегі жүзуде екінші орын алды. Ксения Игнатова 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуден үшінші орынға ие болды.