Италияның Рим қаласында жүзуден Париж Олимпиадасына іріктеу бәсекесі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, аталған сынға Қазақстан сапынан 5 спортшы қатысады. 

Олар:

Диана Тасжанова

Ксения Игнатова

Софья Сподаренко

Әділбек Мусин

Максим Сказобцов

Айта кетейік, турнир 21-23 маусым күндері ұйымдастырылады.