Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз «А» дивизионында 1000 метр қашықтықтағы жарыста жүлдеге ие болды.
Кристина Шумекова бұл қашықтықты 1 минут 15,64 секундта жүгіріп өтіп, екінші орын алды.
Нидерланд өкілі Ангел Далеман (1:14.07) бірінші орынды иеленді. Ал үздік үштікті Польша спортшысы Виктория Дабровска (1:15.85) түйіндеді.
Осылайша, Кристина Шумекова Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.
