Екі чемпиондық жекпе-жек, Жұмабеков пен Мақсұмның оралуы: NAIZA 85 турнирінің тікелей эфирі
19 қыркүйекте Алматыда NAIZA лигасының ауқымды турнирі өтеді.
Алматыдағы файт-кардта бірден екі титулдық жекпе-жек бар. Кештің басты кездесуінде Жансерік Жақсығұлұлы мен Мири Садыгов кездеседі. Алайда қазіргі чемпион салмақ өлшеуден өте алмады, сондықтан чемпиондық белбеу вакантты болып қалды. Осыған байланысты бұл жекпе-жек тек Мири үшін титулдық мәртебеге ие болады.
Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде тағы бір чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Лиганың аса жеңіл салмақтағы чемпионы Болат Заманбеков Еламан Саясатовпен қарымта кездесу өткізеді. Олардың алдыңғы жекпе-жегі Еламанның ережеге қайшы тіземен соққы жасауына байланысты Болаттың жеңісімен аяқталған еді. Сол әрекеті үшін Еламан дисквалификация алды.
Сондай-ақ файт-кардта лиганың бұрынғы чемпионы Жұман Жұмабеков, UFC-ден оралған Азат Мақсұм, Alash Pride ұйымының бұрынғы чемпионы Ансар Қасымжанов және басқа да спортшылар жекпе-жек өткізеді.
Толық файт-кард төмендегідей:

Басталуы — сағат 17:00–де. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube желісіндегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.