Егембердиев бұрынғы UFC файтерімен кездеседі. АСА 186 турнирін қайдан көруге болады

2024 жылғы 10 мамырда Санкт-Петербург қаласында ACA 186 ауқымды турнирі өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде лиганың рейтингтік ауыр салмақты спортшылары Кирилл Корнилов пен Адам Богатырев күш сынасады.
Басты кардта ACA лигасының аңызы, бұрынғы чемпион Марат Балаев та өнер көрсетеді. Ол бразилиялық Хакран Диасқа қарсы шығады.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін қызықты жекпе-жектердің бірі — тараздық, лига белбеуіне бұрынғы үміткер Евгений Егембердиев пен UFC-де өнер көрсеткен Максим Гришиннің кездесуі болмақ.
Гришин Америкадан оралғаннан кейін Асылжан Бақытжанұлымен жекпе-жек өткізді. Төрешілер жеңісті Гришинге бергенімен, Сақа командасы шағым түсіргеннен кейін жекпе-жек өткізілмейтін болды. Ал Евгений 2021 жылдан 2024 жылға дейін тізе жарақатына байланысты өнер көрсеткен жоқ. Бірақ 2024 жылдың қыркүйегінде лигаға оралып, 2 минутта Елхан Мусаевты нокаутпен жеңіп, жарқын жеңіске жетті. Енді оны жаңа сынақ күтіп тұр.
Сондай-ақ кардта NAIZA лигасының бұрынғы орта салмақтағы чемпионы Руслан Шамилов пен Гаджимурад Хирамагомедов арасында кездесу өтеді. Ал NAIZA лигасының бұрынғы белбеу үміткері Каныбек Жанибек уулу октагонға Богдар Плутахинге қарсы шығады.
Турнирдің басталуы — 19:00.
Алғашқы жекпе жектерді sportplustv.kz сайтынан көруге болады, ал 21:00-ден бастап эфир сайтта да, Sport+ телеарнасында да қатар жүреді.