logo

Эдуард Базров: Шахзаде Мирзаев UFC-дегі Шавкат Рахмоновтың орнын баса алады

Эдуард Базров: Шахзаде Мирзаев UFC-дегі Шавкат Рахмоновтың орнын баса алады

Dar Team командасының бас бапкері Эдуард Базров алдағы Алматыда өтетін Naiza турнирінде өнер көрсететін Шахзаде Мирзаев туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.

«Шахзаде Мирзаев — біздің командамыздағы үлкен үміт артатын спортшылардың бірі. Мен тіпті оның UFC-дегі Шавкат Рахмоновтың орнын баса алатынына сенемін. Ол — үлкен амбициясы бар, нағыз ММА жауынгері. Яғни, ол басқа спорт түрінен келген жоқ, бірден аралас жекпе-жектен бастап кеткен. Стойкада да, күресте де жақсы жұмыс істейді, Алланың қалауымен жақсы функционалдық қабілетке, тыныс алу жүйесіне ие.

Егер ол дәл осылай табанды жаттығуды жалғастыра берсе, жақын арада Naiza-ның басты жұлдызына, ал бірнеше жылдан кейін әлемнің ең мықты лигасының жұлдызына айналатынына сенімдімін».

Қазіргі уақытта Dar Team командасының басты жұлдыздары — Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев.



Күн шежіресі