Эдуард Базров Сағын – Жұбаныш жекпе-жегі туралы: Екеуінің де дәлелдейтін дүниесі бар

Dar Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sport+ арнасына берген сұхбатында Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш арасындағы реванш туралы өз пікірін бөлісті.
«Екеуі де мықты спортшылар, олардың жекпе-жегі — қазақстандық ММА әлеміндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл кездесуді көптеген жанкүйер күтіп отыр. Екеуінің де дәлелдейтін дүниесі бар. Алғашқы жекпе-жектен кейін көп әңгіме болды, енді бәріне нүкте қою керек, өз мүмкіндіктерін толық көрсету қажет. Біз бұл жекпе-жекке ең жақсы формада шығамыз, соған бар күшімізді салдық, барлық дайындық кезеңінен өттік, енді соңғы екі апта қалды, 100% дайын боламыз. Сондықтан Қарағандыда жарқын жекпе-жек күтіңіздер».
Олардың алғашқы кездесуі Қазбектің бөлінген шешіммен жеңісімен аяқталған болатын, реванш NAIZA турнирі аясында Қарағандыда өтеді.
Sport+ телеарнасы Қарағандыдағы турнирді тікелей эфирде көрсетеді.